?️Ислам құқығы мамандары адамның қажеттіліктерін бірнеше деңгейге бөлген:
⠀
?️ДАРУРИЯТ – бұл адам үшін аса зәру нәрселер. Егер ол болмаса адамның денсаулығына, ақылына, арына, дініне, нәсіліне, жалпы өміріне қауіп төнеді. Бұған қарапайым әл-ауқатты, былайша айтқанда қара нан мен қара суды жатқызуға болады.
⠀
?️ХАЖИЯТ – қажет, бірақ онсыз да өмір сүруге болатын дүниелер. Бұл нәрселер болмаса да адам өмір сүре береді, бірақ белгілі бір қиындықтар туындайды. Дегенмен бұл «өмір мен өлім» дәрежесіндегі қауіп емес. Бұған жеміс-жидекті жатқызса болады.
⠀
?️ТӘХСИНИЯТ – адамға ерекше қуаныш сыйлап, өмірге сән беретін заттар. Бұл болмаса да, өмірге көп әсері жоқ. Болса, өмірді жеңілдетеді. Оған торт, бәліш деген секілді тәтті тағамдарды жатқызуға болады.
⠀
?️Кейде адам осы қажеттіліктердің орнын шатастыру арқылы қаражатты керексіз дүниеге жұмсайды. Мәселен, кредит алып той жасау, кредит алып соңғы үлгідегі айфон телефонын алу дегендей. Тойды шамасына қарай қарапайым өткізуге де болады. Жарты миллионға айфон алып, қарызға батқанша, 100 мыңға жап-жақсы телефон алса болады. Бастысы қажеттілігіңді өтеп тұрса болды.
ҚАЖЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ
( 1 )
?️Өмірде адамның көптеген қажеттіліктері бар. Сол қажеттілікке жету жолында еңбек етіп, тер төгеді, білім алады. ⠀ ?️Қызығы сол, қажеттіліктің барлығы бір деңгейде бола бермейді. Кейбірі аса қажет, онсыз өмір сүре алмайсың. Ал кейбірі жай көңіл қалауынан туындайды. Ол болмаса да өмір сүре бересің.