close
blog images

ДІННІҢ ФУНКЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?

( 0 )
?Адам дін үшін жаралған ба? Әлде дін адам үшін бе? ⠀ ?Адам болмаса дін бола ма? Дін адамға жіберілген болса, адам болмаса діннің болуында ешқандай мән қалмайды, әрине. Демек, дін адам үшін. ⠀ ?Ал егер адам дін үшін десек тек «дін үшін өмір сүру» идеясы бізді «шынайы өмірден» алыстатып, ақиқатты көрсетпейді. Бұған тарихтан мысал көп.

?Дін адам үшін десек іле-шала тағы бір сұрақ туады. Дін адамнан не қалайды?

?Дәлірегі Ислам адамнан нені талап етеді?
Ислам таңсық бір өмір салтты алып келіп бізге таңбайды. Ислам адамды фытратқа шақырады. Фытрат – адамның о бастағы саф табиғаты, натурасы. Адам табиғаты әрқандай күнә мен қылмыстан ылайланып, кірлейді. Ислам сол бастапқы тазалыққа қайтуға бізді шақырады. Былайша айтқанда ожданыңа құлақ ас, жүрегіңді тыңда, ақылыңа жүгін дейді. Хакім Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады...» деуі содан.

?Кісінің мінезін түземейтін құлшылық оны ақыретте «құтқармайтынын» есте ұстаған жөн. Себебі, діні бар, бірақ мінезі мінез емес миллиондаған адамның бар екенін естен шығармау керек. Бірақ мұндай жағдайлар құлшылықтың құнын түсірмейді, маңызын төмендетпейді. Яғни, құлшылықты атқармай-ақ биік адамгершілікпен өмір сүре беремін деу қате пайым. Адам фытраты оны түбі құлшылық етуге, Жаратқанға алғыс айтуға алып келсе керек.

?Дұрыс түсінілген Ислам адамның өмірін қиындатпайды, керісінше жеңілдетеді. Бақыттырақ етеді.