Алланың Ұлықтығына, шексіз Құдіретіне бас ие отырып, сол Құдірет пен Ұлықтықтың аясында өзіңді де адами шеңбер аясында ұлық сезіне білу неткен ғажап! Сахабалардың тарихта ұлы тұлғаларға айналуының бір себебі де осы болса керек!
⠀
?Бүгінгі таңдағы мүмкіндіктерді сахабаларға берсе, әлемді руханият шеңберіне шомылдырып жіберер ме еді. Кейде ойға батамын, расымен де, Құдіреті шексіз, бәрінен үстем Алласына сенген, сол сенім негізінде өзінің күш қайратына сүйенген адамның мына өмірде биік белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жетуіне не кедергі?!
⠀
?Абай атамыз бір сөзінде: «Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды», – демеуші ме еді?! Ендеше біздегі басты проблема не?
⠀
?Басты проблема – біз осындай риясыз сенімнен алыстап қалғанға ұқсаймыз!
Абай атамыз өсиет еткен осы қағиданы жаңғырту қажет деп білеміз.
Ол үшін ең алғашқы жасалар қадам – бойдағы кемшіліктерді және артықшылықтарды білу. Біліп қана қоймай, солармен жұмыс жасау. Кемшілігімізді мойындау арқылы оның көзін құрту, артықшылығымызды бағалап, оны одан әрі дамыта түсу.
⠀
?Қаншама адам өз бойындағы әлемді өзгертіп жібере алатын потенциялды көре алмай немесе көруге талпынбай әр кімнің табалдырығын сығалап жүр.
Аллаға деген иман аясында жүріп, кемшілігін жоя білген, бойдағы потенциялды мүмкіндігінше дамытқан адамның рухани әрі материалдық тұрғыдан жетістікке жетпеуі мүмкін емес деп ойлаймыз.
⠀
?Алла баршамызға баянды ғұмыр берсін!
Күндеріңіз сәтті болғай!
СЕНІМ – ҒАЖАЙЫП КҮШ
( 0 )
?Сен өзіңді кішкентай бір жаратылысқа теңейсің, Біле білсең, сенде әлемді өзгертіп жібере алатын ғажайып, үлкен күш жатыр! Әзірет Али (р.а.) ⠀ ?Қандай керемет айтылған сөз! Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тәрбиесін көрген ардақты сахабалар өздеріне де, айналасындағы адамдарға да осындай өлшеммен қараған еді.