▪️Сонда сол халықтың арасынан Хабиб ибн Нажжар атты белді кісі шығып елшілердің жолы қандай болатындығын айтады. Елшінің шын елші екендігін олардың жасап жатқан істері үшін ақы сұрамайтындығынан білесің дейді.
⠀
▪️Сау ақылмен, сергек санамен қарамай, эмоцияның жетегінде кеткен көпшілік Хабибпен қоса үш елшіні де өлтіріп тынады.
⠀
▪️Оқиғадағы Хабибтың келтірген дәйегі «ақы талап етпеу» немесе материялдық құндылықтардың алға шықпауы діннің шынайылығын сақтауда өте маңызды нәрсе. Әрі діннің ақиқат дін екендігін көрсететін дүние десек болады.
⠀
▪️Біз Құран аяттарынан барлық пайғамбарлар жолы осы болғандығын көреміз.
⠀
▪️Ал исламдағы зекет, садақа секілді дүниелер ақы талап ету емес бай мен кедейдің арасын жақындату, сол арқылы қоғамдағы балансты сақтау.
ЖАҚСЫЛЫҚТЫ АҚЫСЫЗ ЖАСАУ
( 5 )
▪️Ертеде Антакия жеріне тура дінді жаю үшін үш елші келеді. Халықты туралыққа, әділдікке, бір Құдайға құлшылық етуге шақырады. Ал жергілікті халық болса елшілерді шеттетіп, тіпті бұл істерін жаман ырымға балап елден кетпесе тасборан болатындығын айтады.