close
blog images

АНАНЫҢ ХАТЫ

( 2.33 )
?Балақай әкесінің соңғы берген ақшасын уақытынан ерте жұмсап қойып, міне біраз күн болды, доп алуға керек ақшаны жинай алмай жүрген еді. Бірер аптадан кейін басталатын жазғы демалыс оның көңілін жай таптырмай, ақша жинаудың басқа да көздерін іздеуге құлшындыра түсуде. Үйлеріне келген соңғы журналдан «әрбір қызметтің ақысыз болмайтындығын» оқи сала қуаныштан малақайын аспанға атты. Бұдан түйгені: ата-анасына көрсеткен әр көмегінің ақысы болатыны.

?Балақай басына келген оймақтай ойды іске асыруға көшті. Өзінің күнделікті істеп жүрген жұмыстарының тізімін дайындап, жанына сол істердің бағасын да жазды.

?Дүкенге барып қайту – 200 тг;
Қоқысты шығару – 100 тг;
Анасымен базарға бару – 500 тг;
Бөлмесін жинау – 300 тг.

?Жиынтығы 25 мың теңгені құрайтын бір айлық жұмысының тізімін анасының сөмкесіне байқатпай салып жіберіп, өзінің осы әрекеті ұтқыр шешім болды деп ойлап мәз болады.

?Ертесі таңертең балақай жастығының астынан 25 мың теңге мен бір жапырақ қағаз тауып алады. Өзінің жазған тізіміне ұқсас тізім мен анасының қолы бар бұл қағазда мынадай жазу бар еді:

?«Өмірімді қатерге тігіп, сені дүниеге әкелгенімнің, жылдар бойы киіміңді жуғанымның, сені өсіргенімнің бағасы – сенің «ана» деп айтуың мен бетіңнен сүйгізгенің болсын.Табысыңды игілігіңе жұмсай ғой, балам!»

Пікірлер (1)

  • comment images
    11 наурыз, 2022 08:13:02

    Баласының анасына деген көмегі мейірімі Анасының ақ сүтін ақтауы.