close
blog images

МОЙЫМА

( 4 )
?️Ілгеріде өмір сүрген бір әулие болған екен. Бірде ол үйіне келсе, баласының қатты қамығып, көңілсіз отырғандығын көреді. Аз ойланып тұрып баласына ләм-мим деместен қайта тысқа шығып кетеді. ⠀ ?️Сүт пісірім уақыттан кейін үстіне қасқырдың терісін жамылып келеді. Мұны көрген ұлы сықылықтап күледі.

Сонда әкесі «Балам, неге күлесің? Адам қасқырды көргенде күле ме екен? – дейді. Сонда баласы «Әке, бұл қасқыр емес, қасқыр терісін жамылған сіз ғой», – дейді. Осы сөзді күткен әулие «Балам, әрбір қиыншылықтың ішінде Алланы көруге тырыс, сонда ол қайғы емес қуанышқа айналады», – деген екен.

?️Ия, мына ғасырда тіпті мұсылманмын деген біздер де жақсылық пен жамандықтың Жаратушыдан екендігін ұмытып кетіп жатамыз. Кішкентай қиындықтың өзі қаншама алыптарымыздың рухын сындырып жатыр. Дәл қазір бізге жоғарыда аталған қасиет өте-мөте қажет-ақ.