close
blog images

ЗИЯНДЫ ӘРЕКЕТТЕР

( 5 )
?Өмірімізге зиян әкелетін әрекеттер... Бұлардан қалай құтылуға болады? Атының өзі айтып тұрғандай зиянды әрекет – адамның күнделікті дағдыға айналып кеткен жаман қылықтары. Күнәлі істері. Адамды артқа тартатын жағымсыз мінездері. Бұдан құтылудың жолын қысқаша түсіндіріп өтейік.

?Әуелі адам өзінің зиянды әрекетіне, өміріне зиян тигізетін нәрсеге – біліммен көз жеткізуі тиіс. Егер ненің зиян екенін білмесе – онымен күресудің жолын да анықтау қиын.

?Екіншіден, ол зиянды нәрсенің дүниесі мен ақыретіне қаншалықты зиян екенін сезіну. Мәселен, осы зиянды әрекетіңізді, дағдыңызды тоқтатпаған жағдайда, 5-10 жылдан кейін қандай күйде боласыз. Соны ойша елестету. Сол кезде сізде зиянды әрекетіңізге деген жиіркеніш сезім пайда болады.

?Үшіншіден, зиянды әрекетті енді қайталамауға өзіңізге уәде беру. Қайталап қойған жағдайда өзіңізге жаза қолдану. Мәселен, айлық табысыңыздың 10-20% пайызын бір игі іске жұмсау. Немесе өзіңізге ораза ұстату. (Өзіңізді жазалау түрі де игі амалдар аясында болуы тиіс).

?Төртіншіден, нақты әрекетке көшу. Зиянды әрекеттен бірте-бірте арылудың амалын жасау. Бұл күнделікті өмірлік принцип, жүйе қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

?Бесіншіден, зиянды дағдының орнын жақсы әрекетпен алмастыру. Мәселен, адамдар жайында ғайбат айтып қоя беретін адам болсаңыз, енді оның орнын адамдарды сыртынан мақтап жүрумен, оларға дұға етумен алмастырыңыз. Немесе боқтап қоя беретін адам болсаңыз, оның орнын зікірмен, салауатпен алмастыру керек. Балаңызға ұрса беретін адам болсаңыз, оның орнын ақыл айтумен, насихат айтумен және міндетті түрде жақсы амал арқылы үлгі болумен алмастырғаныңыз жөн.
Алла Тағала баршамызға салиқалы да саналы ғұмыр нәсіп етсін!