?Расында да бұл хадисте адамның бойында кездесетін ең құнды қасиет сөз болып отыр. Өзіне қатысы жоқ шаруаның бәріне араласып, әркімге соқтыға беретін адамды ешкім ұнатпайды. Бәрі ондай адамнан қашық жүруге тырысады. Былайша айтқанда адамдардың жеке шекарасына өтіп кетпеу керек. Бұл адамға деген құрметсіздік. Айтқысы келген нәрсені адам өзі айтады. Ал бөліскісі келмеген нәрсесін қазбалап сұрау адамды жайсыз жағдайға қалдырады.
⠀
?Екіншіден, өзіне қатысы жоқ істерге араласқан адам көп жағдайда басқа адамдардың жұмыстарына көп кедергі келтіреді. Себебі, өзіне көп қатысы жоқ істің ұңғыл-шұңғылын адам біле бермейді.
⠀
?Үшіншіден, адам өзгелердің шаруасына жөнді-жөнсіз араласа берсе, өзінің негізгі міндеттері мен жұмыстарына уақыт таппай, артық күші де қалмай қалады. Себебі, бойындағы энергиясын орынсыз жерде қолданып, тауысып қойды.
⠀
?Адамдардың жеке шекарасына құрметпен қарап, өзімізге қатысы жоқ нәрсеге араласпауды үйренсек, бізден сүйкімді адам болмайды. Қайталап айтайық, бұл адам бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі. Бұған діннің төрттен бірін қамтиты деп баға берілуі тегін емес.
ЖЕКЕ ШЕКАРА
( 5 )
?Ғұлама Әбу Дәуіттің айтуынша мына хадис діннің төрттен бірін құрайды: «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – өзіне қатысы жоқ дүниеден ұзақ болуы». (Тирмизи)