close
blog images

ҚҰРАНДА БӘРІ АЙТЫЛҒАН

( 4.4 )
?Мұсылмандар арасында «Құранда барлық нәрсе жазылып қойған» деген сөз жиі айтылады. Бұл бір қарағанда әсірелеп айтылған сөз секілді көрінеді. Бірақ мұның негізі бар. ⠀ ?Бірде бір мұсылманнан өзге дін өкілі: – Осы сендер Құранда барлық нәрсе жазылған деп айтасыңдар.

Мен саған қарапайым бір сұрақ қояйын, соның жауабын Құраннан тауып берші, – деп сауал қояды. «Жарайды» дейді мұсылман. Содан әлгі кісі бір қап ұнды нұсқап:
– Мына қаптан неше дана нан шығады? – деп сұрайды. Мұсылман адам наубайшыдан барып, бір қаптан неше нан пісіруге болатынын сұрап біледі. Жауабын әлгі сұрақ иесіне айтады. Содан ол кісі жауапқа қанағаттанбағанын білдіріп:
– Мен жауабын Құраннан тауып бер деп шарт қойдым. Әйтпесе наубайшыдан өзім де сұрай аламын, – дейді. Сонда мұсылман кісі сөз алып:
– Кешіріңіз, мен бұл сұрақтың жауабын Құранға сүйеніп айттым.
– Қалайша?
– Құранда «Білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар» (16/43) деген аят бар.

?Бұл аят әр істі өз иесіне тапсыруды, білмеген дүниеңді сол істің ұңғыл-шұңғылын білетін тіс қаққан маманына жүгінуге нұсқайды, – деп жауап берген екен.

?Құран әр нәрсені егжей-тегжейлі баяндайтын энциклопедия емес. Өмірде шамшырақ болар басты ұстанымдарды ұсынып, кесек үкімдер айтатын, сол арқылы қай ғасырда да, қайсыбір мекенде де өзекті боп қала беретін сырға толы иләһи кітап.