close
blog images

ҚАБІЛЕТТЕР

( 3.29 )
?Жаратушы адамның бойына миллиондаған қабілеттерді салған. Біз соның бірін дұрыс, бірін бұрыс деп жатамыз. Ал шынтуайтында әр қабілетті, әр қасиетті өз орнында қолданса жайдан жай берілмегендігін көреміз. Алла адам бойына даттау мен ақтауды қоса салған. Осы екі қабілетті орынды қолданбаса зиянды қасиет болып шыға келеді.

?Біз көбіне өзімізді кез-келген жағдайда ақтауға тырысамыз, тіпті өтірік қоссақ та өзімізді сүттен ақ, судан таза етуге тырысып бағамыз. Ал бұлай жасау айналып келгенде өзімізге зиян екенін ұғынбай жатамыз. Бұл дамуды тежеп, адамды кемелдіктен тосады. Әрдайым қиындыққа тап болғанда ол жағдайдан шығуды емес, сылтау тауып сытылып кетуге тырысатын боламыз.

?Ал қаралау мен даттауға келсек. Бұл қабілетімізді біз көбіне өзгелердің іс-әрекеттеріне бағыттаймыз. Ол қанша шебер жасаса да, одан бір қателік тапқымыз келіп тұрады. Бұл бізді ортаға сиымсыз, өзгеге сүйкімсіз етеді.

?Адамның бойындағы ең асыл қасиеттің бірі – әділдік. Өзіңе де, өзгеге де зұлымдық етпейтіндей әділдік адам жүрегінде болуы керек. Өзгеге әділдік жасаймын деп өзіңе зұлымдық жасамайсың, дәл сол секілді өзіңе тиесілі дүниені аламын деп өзгеге зұлымдық етпейсің. Ар-ождан құптап, қисын қостайтындай әрекет етесің.