close
blog images

Жаңару

( 5 )
?Көзге көрінбейтін атомнан бастап үлкен-үлкен жұлдыздарға дейін барлық жаратылыстар үнемі жаңарып отыру арқылы тіршілігін жалғастырады. Табиғат та көктемде жаңарып, күзде ескі киімін шешіп, келесі жаңаруға дайындық жасап отырады. Микро әлемнен макро әлемге дейінгі барлық жаратылыстар, хайуанаттар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. үнемі өзгеріске ұшырап жаңарып отырады.

?Адам баласын тән мен жаннан тұрады дейтін болсақ, тәні, тұтас физиологиясы бір жылда толықтай жаңарып, бұрынғы жасушаларының орнын басқа жаңа жасушалар басатынын, яғни жаңадан жасуша жаратылатынын ғылым дәлелдеп отыр. Ал адамның жаны болса, ол тән секілді өзгермегенімен, онда да өзіне тән өзгеріс, жаңару болады. Сезімдер мен қабілеттерді ұштау, шыңдау дегендей. Бұл оның дұрыс бағытта қолданып, оны іліммен қуаттау арқылы жүзеге асады.

?Ағаштың жеміс беруі оның ең кәміл жетілгенін көрсетеді. Ал жеміс беріп болғаннан кейінгі кезеңде жапырақтарының түсіп, қурауы оның келесі жылы беретін жемісіне жасаған ең керемет дайындық, яғни жаңаруы, жетілуі деген сөз.

?Тура сол сияқты адам баласы да амалы мен күнделікте істерінде кемелденуі, уақыт өткен сайын алдыңғысынан жақсырақ деңгейде жасауы, оның жаңарып жатқанының айқын дәлелі. Әйтпесе рухани жаңаруда адам физиологиялық тұрғыда өзгермейді. Ісі мен ойлау қабілетінде ғана көрініс болады.

?Сол себепті адам баласының оқығанын іске асыруы өте маңызды. Амал жасалмаған білімнің өзіне пайдасы болмағаны сияқты өзгеге де тиісінше пайда бермейді. Кемел түрде деуіміздің себебі, тек сөзбен айту арқылы адамдарға қандайда бір білімді жеткізуі мүмкін. Ол кәміл дәрежеде болмаса да, азды-көпті тыңдаушыны әрекетке итермелеуі мүмкін. Әрине ол өзі амал еткен, іске асырған білім сияқты болмасы анық.