⠀
✴️Екіншіден, дұшпандық пен сүйіспеншілікті ғалымдар қараңғы мен жарық секілді дүние дейді. Яғни, екеуі бір жүректе болуы әсте мүмкін емес. Егер қайсыбір мұсылманның жүрегінде сүйіспеншілік шынайы болса, ол кезде дұшпандық баламалы (мәжази) түрде болады. Ал дұшпандық шынайы түрде болған сәтте сүйіспеншілік баламалы түрде болып қалады. Яғни екінші орынға шығады. Сол үшін жүрегімізде сүйіспеншілікті шынайы орнықтыру үшін, дұшандықты тек керек жерінде ғана орынды қолдануды үйренуіміз керек. Әйтпесе жүрегімізді дұшпандық жаулап, айналамызда қараңғылықты көбейтеміз.
⠀
✴️Осындай жамандықтардан арылу үшін біздерді мұсылман бауырларымызбен байланыстырып тұрғанған ортақ ерекшеліктерге назарымызды аударуға тиіспіз. Бізді бірлікке шақыратын, бір мақсатқа қызмет еттіретін қасиеттерді жақсы білуіміз қажет. Жаратушымыз, құбыламыз, кітабымыз және пайғамбарымыз бір. Бұл тізімді әрмен қарай мыңға дейін жалғастыра беруге болады. Бізді біріктіретін ортақ дүние көп. Егер қайсыбір адамды осыншалықта жақсы қасиеттер біріктіре алмаса, онда ол адамда жоғарыда айтылған қасиеттер жоқ деуге болады.
Достан дұшпан жасама.
( 4.25 )
✴️Мұсылман мұсылман бауырын жақсы көруі керек. Ал қандайда бір қателіктерін көргенде, оған тек жанашырлықпен қарауы керек. Өйткені мұсылмандар бір тәннің ағазалары секілді. Біріне зақым келсе немесе ауырса басқа ағзалардың мазасы қашады. Тура сол секілді бір мұсылман қателессе, өзгелері сол қателікті көркем түрде түзеуге әрекеттенуі тиіс. ⠀ ✴️Әрине мұндай қателіктерді күшке салып, қорқыту, зекіп ақыл айту арқылы емес, сүйіншілеу, үміт сыйлау формасында жасауға барынша тырысу керек. Әйтпесе түзеймін деп керісінше бүлдіріп алуы әбден мүмкін. Пайғамбарымыз мұсылманның мұсылманға үш күннен артық ренжіп жүруіне болмайтынын айтқан. Бұл хадистің астарында әлгіндей қателіктердің тез арада түзетілуі жатса керек.
Пікірлер (1)
Өте дұрыс жазылған ! Бірақ менің қазір отбасымнан басқа досым жоқ.😌