close
blog images

Адам – ғажап жаратылыс

( 4.03 )
? Адам баласы – өте қабілетті, ғажап жаратылыс. Сондықтан адам бір ғана жетістігіне алданбауы қажет. Басқа да қабілеттерін мейлінше ашуға талпынуы керек. Алла Тағаланың көркем есімдерінің шағылысы адамның бойынан көрініс табады. ⠀ ? Ұлы Жаратушының барлық есімдері ең кәміл дәрежеде. Мысалы, керемет Жаратушы болғаны секілді, керемет ризық беруші де. Абсалютті деңгейде әділ, әрі өте кешірімді. Әрбір жаратқан жаратылысын қай жағынан алып қарасаңыз да таңғажайып кереметті байқайсыз! Мысалы алманы алып қараңызшы: пішіні де, түсі де, дәмі де керемет. Теңдесі жоқ жаратылыс. ⠀

 

? Міне, адам баласы да Жаратушының ең таңдаулы құлы ретінде Оған ең жақыны болуға бар күшін салуы керек. Білім жағынан қаншалықты өрлесе, амал жағынан да соншалықты биікте жүруі тиіс. Өзінің бір қасиеті немесе ерекшелігі екінші бір жақсы қасиеттің бойында болуына ешқандай кедергі жасамауы керек. Әйтпесе бүгін болмаса да басқа бір күні әлсіз тұсының кесірінен көптеген жетістіктерден мақұрым қалары сөзсіз.

? Әрине адамзаттың ішінде мұндай ерекшелігімен алда тұратын ардақты пайғамбарымыз. Мұны бір француз ғалымы «Ең ерекше қасиеті деп қай жағын қарастырсаң да, адамзат тарихының ең керемет тұлғасы Мұхаммед болары сөзсіз», – деп айтқан.

? Былай болмасқа да амал жоқ. Өйткені адам баласы қоғамда еш уақытта бір жақты боп қала алмайды. Бірде жас өспірім болса, енді бірде әке, одан кейін қария кейпіне енеді дегендей, қоғамда да орны үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан адам баласы осы өзгерген орындарының барлығын керемет дәрежеде өткізуді өзіне мақсат етуі керек секілді. Сол кезде барып өз міндетін кемістіксіз атқара алады.

Пікірлер (2)

  • comment images
    20 сәуір, 2022 00:36:27

    шынында да адам таңғажайып жаратылыс,оны әрі қарай жетілдіру біздің қолымызда.Сол себепті адамзат қоғамдағы бар дүниелерді армандамауы тиіс,өз қандай таңғажайып иесі болса,сондай қоғамда жоқ дүниені армандай білуі керек...Өте мағынасы бөлек жазбалардың бірі

  • comment images
    25 ақпан, 2022 02:33:12

    Осы мақалалар жайлы жиі шығармаңыз