close
blog images

Кітап оқуды қалай әдетке айналдырамыз?

( 4.03 )
Көптеген адамдарға кітапты тұрақты түрде оқу қиынға түседі. Кітапты тұрақты оқу үшін ол әдетке айналу қажет

Ғалымдардың зерттеуі бойынша белгілі бір іс-әрекет әдетке айналу үшін, ол іс-әрекетті 21 күн бойы қайталау керек. Сіз осы мақалада кітап оқуды қалай әдетке айналдыруға болатынын білетін боласыз.

 

Оның негізгі 5 қадамы бар:

 

1) Не үшін оқимыз? Ең алдымен кітапты не үшін оқитынымызды анықтап алу қажет. Жұрт оқыды деп кітап оқыған дұрыс емес. Кітап оқу арқылы қандай жетістікке қол жеткізгіміз келеді? Осы сұраққа жауап берген кезде сіз кітап оқуға деген мотивация табасыз.

 

2) Аз көлемнен бастаңыз. Сіз бірден күніне 50 бет оқыған кезде, миыңызға артық күш түсіресіз. Соның кесірінен кітап оқуды қойып кетуіңіз мүмкін. Аз-аздан бастаңыз, кітапты тезірек бітіруді емес, мазмұнын түсінуге тырысыңыз.

 

3)  Күнделікті өмірмен байланыстырыңыз. Әр адамның күнделікті өміріндегі әдеттері көп. Соны пайдаланып сіз кітап оқуды да әдетке айналдырсаңыз болады. Мысалы, сіз ас үйге кіргенде әрқашан шай қайнататын болсаңыз, терезенің алдына кітапты қоюға болады. Сол кезде сіз шай қайнағанша кітап оқыйтын боласыз. Осылай сіз күнделікті әдеттеріңізге кітап оқуды қосып аласыз.

 

4)  Кітапты өзіңізбен алып жүріңіз. Әрқашан кітапты сөмкеңізде, көлігіңізде және өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Кітап өзіңізге ыңғайлы уақытта әрқашан қолыңызда болатын болады.

 

5)  Жанр. Ең алдымен түрлі жанрларды оқу арқылы өзіңізге ұнайтын жанрды анықтаңыз. Содан кейін сол жанрды көбірек оқуға тырысыңыз. Егер сіз өзіңізге жағымды жанрды оқитын болсаңыз, ол кітапты оқуға құлшынысыңыз жоғары болады.

 

Осы негізгі қадамдар арқылы кітап оқуды әдетке айналдырыңыз.

 

Пікірлер (3)

  • comment images
    14 мамыр, 2022 15:25:12

    Кшдаапощогншопнг

  • comment images
    14 мамыр, 2022 04:44:29

    Рақмет сиздерге пайдалы мақала болды

  • comment images
    14 сәуір, 2022 01:10:54

    Мен осы тұлға болам сайысының арқасында кітапты күнделікті оқи бастадым. Рахмет сіздерге