close
blog images

Қалай жақсы ұйықтаймыз?

( 4.38 )
Денсаулығыңыз мықты болғанын қаласаңыз, жақсы ұйықтау керек. Денсаулықтың 50%-ы ол - ұйқы. Сол ұйқыны дұрыстау үшін сіздерге бірнеше кеңес бергіміз келеді:

1. Ұйықтар алдында кітап пен теледидарды ұмытыңыз

Кітап оқып немесе теледидар көргеннен кейін сіздің миыңыз бірнеше сағат бойы демалмайды. Сол себепті, тәтті ұйқыға кету үшін де тағы біраз уақыт жоғалтасыз. Әсіресе, түнімен ұйықтай алмайтын дертке ұшыраған жандар үшін ұйықтар алдында теледидар көрген қауіпті

 

2. Еркін демалатын істермен шұғылданыңыз

Кереует - жақсы ұйықтап, демалатын орын. Егер сіздің 15-20 минут бойы ұйқыңыз келмесе, басқа нәрсемен айналысу керек. Мысалы, өзіңізді тыныштандыратын іспен айналыссаңыз, бұл жақсы ұйықтауға әсерін тигізеді. 

 

3. Ұйықтар алдында көп тамақ жемеңіз

Ұйықтар алдында ешқашан көп тамақ жеуге болмайды. Мейілінше, жатардан 2-3 сағат бұрын тамақтанған жөн. Осы уақыт аралығында асқазандағы ас қорытылып, ағза демалуға дайын болады. Егер қарныңызды тойдырып алып, ұйықтауға бет алсаңыз, ағза бір түннің ішінде толыққанды қалпына келмейді де, келесі күні өзіңізді жайсыз сезінесіз.

 

4. Жатар алдында ұйықтайтын бөлмені желдетіп алыңыз

Жақсы демалу үшін таза ауа қажеттігі бәріне белгілі жайт. Сондықтан, күн сайын ұйықтайтын бөлмені желдетіп алу керек. Оның үстіне, жатын бөлмедегі ауа таза болған сайын, салқынырақ болатынын ұмытпаңыз. Ал дәл осындай жағдай сіздің тәтті ұйқыға тез берілуіңізге көмектеседі.

 

Пікірлер (2)

  • comment images
    14 мамыр, 2022 04:39:32

    Әрекет жасаймыз

  • comment images
    26 сәуір, 2022 05:24:14

    Жақсы рахмет