1) Тынығыңыз
Креативті ойланып, шешім қабылдау үшін тоқтамай ойланудың қажеті жоқ, оның орнына сіз жиі үзіліс алып тұру керек. Миыңыз тыныққан кезде жаңа идея келетін болады, сол себепті тынығыңыз
2) Саяхаттаңыз
Сіздің өміріңіздегі көптеген депрессиялар мен апатиялар өміріңіздің біртектілігінен пайда болады. Сол себепті өміріңізге жаңа өзгерістер алып келіңіз, саяхаттаңыз. Саяхат сізге жаңа идеялар мен білім береді.
3) Жаяу жүріңіз
Көптеген жетістікке жеткен адамдар күніне көп уақытты жаяу жүруге арнайды. Жаяу жүру организімізге оң әсер етеді. Жаяу жүрген кезде денемізде қан айналымы жақсарады. Сол кезде сіздің басыңызға жаңа идеялар мен ойлар келеді.
4) Хоббиіңізбен айналысыңыз
Көптеген адамдарға ең алдымен өзінің сүйікті ісін анықтау керек. Ал егер сіз өзіңіздің сүйікті ісіңізді білсеңіз онымен жүйелі түрде айналысуға тырысыңыз. Себебі сүйікті іспен айналысқан адам бақыттырақ болады. Бұл да креативті шешімдер қабылдауға көмектеседі.
5) Театрлар мен көрмелер
Айтпасақта барлығына өнер креативтің қайнар көзі екені белгілі. Креативті ортада немесе сондай жерде сіз басқаша ойлана бастайсыз, сол себепті театрлар мен көпмелерге баруға тырысыңыз
6) Кітап оқыңыз
Кітап оқу сіздің өміріңіздің кез-келген жерінде үлкен көмек көрсетеді. Сан алуан авторлар мен жанрларды оқыңыз. Өзіңіздің ойлау толқыныныңызды ұстаныңыз. Кітап жаңа идеялардың бұлағы екенін ұмытпаңыз
Пікірлер (3)
Керемет мақала 👍🏻
Қатты ұнады
Мақала керемет.