1) Адал табыс
Егер сіз өз өміріңізде береке болғанын қаласаңыз, ең алдымен табысыңыздың адал болғанын қадағалаңыз.
2) Есептеңіз және жоспарлаңыз
Қазірден бастап 1 айда қанша ақша табатыныңызды және қанша ақша құртатыныңызды есептеңіз. Одан кейін келесі айда қанша ақша құртатыныңызды жоспарлаңыз: тамаққа қанша? ; киімге қанша? ; күнделікті балаларыңызға қанша? және т.с.с.
3) Кредит
Егер сізде кредит болмаса, кредит алмаңыз, себебі кредит өсімі қаржылық тұрғыдан мүлдем тиімсіз. Ал егер кредитіңіз болса, оны жабу үшін екінші кредит алмаңыз және де сол қарызыңызды тезірек, тиімді жабу жолын іздеңіз және жоспарлаңыз.
4) Қаржылық қауіпсіздік
Сіз әр ай сайын өзіңіздің “қауіпсіздік жастығыңызды” құру үшін жүйелі түрде айлық табысыңызды жинауыңыз керек. Өзіңді айлық табысыңдың 10-20%-ын сақтап, жинауға үйретіңіз. Ол қаражатты тек өте қатты қиын кезеңдерде жаратыңыз. Және де тағы кеңесіміз ақшаңызды тек бір жерде сақтамай, бірнеше бөлікке бөліп түрлі жерде сақтаңыз: мысалғы, басқа валютада.