1) S - specific/нақты. Егер сіз “көп ақша” деген жалпылама мақсат қойсаңыз ол - дұрыс емес. Сіз нақты, түсінікті жоспар қоюыңыз керек. Мысалғы, “Алматыдан азық-түлік дүкенін ашу”.
2) M - measurable/өлшеулі. Мақсаттың белгілі мқлшері болуы мүндетті. Сол кезде ғана мақсатқа деген портрет құрамыз. Мысалғы, “Дүкеннің сауда айналымын 1 000 000 теңгеге жеткізу”
3) A - attainbale/қолжетімді. Мақсатыңыз миға сыйымды болу қажет. Мақсатыңыздың шегі аспанға жібермеңіз. Мысалға сіз бизнесте тәжірибеңіз жоқ бола тұра, бір дүкенмен айына миллиондап табыс таба алмайсыз. Сол себепті жәймендеп өз деңгейіңіз бен күшіңізге қарай мақсат қойыңыз.
4) R - relevant/маңызды. Мақсатым болса болды деп, көрінген нәрсені мақсат қылып қойған дұрыс емес. Мақсаттың сізге пайдасын, жақындарыңызға әсерін, дұрыстығын, тиімділігін және қажеттілігін ойланыңыз
5) T - time bond/уақыты шектеулі. Мақсатыңыздың дедлайнын анықтап алыңыз. Мақсатыңыздың қай уақытқа дейін аяқталу керектігін білсеңіз, сіз қарқынды мақсатқа қарай жылжисыз.
Пікірлер (1)
👍🏻