✳️ Сөз бен істің алшақтығы бірте-бірте адамды екіжүзділікке алып баруы бек мүмкін. Сондықтан бұдан мейлінше сақтану керек.
⠀
✳️ Исламның алғашқы кезеңдерінде қоғамның түбегейлі өзгеруі Пайғамбар сөздерін талқыға алып, көпсөзділікке салмай, дереу орындаудың арқасында болса керек. Бір жағынан әрбір айтқан сөзін ісімен көрсететін пайғамбарымыздың да сөзінде салмақ болды.
СӨЗ бен ІС
( 0 )
✳️ Омар халифа болған алғашқы күндерінің бірінде оның құзырына Сағид ибн Амир келеді. Халифаға «Құдайдан қорық, сөйлеген сөзің ісіңе қайшы болмасын, сөздің ең жақсысы іспен мақұлданғаны» деп ақыл-кеңесін айтады. ⠀ ✳️ Расында да іс пен сөздің арасы алшақ болған сайын сөздің салмағы жоғалады. Қаншалықты құнды сөз болса да іс жүзінде көрініс таппаса, әсері болмайды.