?Бақытсыздыққа ұшырағанда барып, өзіңіздің бақытты екеніңізді білу шарт емес. Бақытты екеніңізді білу арқылы одан да бақытты бола түсу – нағыз мұсылманға тән сипат.
Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Кімде-кім дені сау, жан дүниесі тыныш әрі бір күндік тамағы болған күйде таң атырса, бүткіл дүние алдына ұсынылғанмен тең», – деген.
⠀
?Расымен де, әрбір атқан таңымыз, деніміздің саулығы, анамыздың «құлыным» деген жылы сөзін есту, баламызды еміреніп бір иіскеу, достармен күліп-ойнау, жұмысымызды адал атқару, еңбегіміздің жемісін көру – нағыз бақыт емес пе?! Әрине, қадірін ұғына білген адам үшін.
⠀
?Демек, сіз бен біз – нағыз бақытты жандармыз. Тек соны қадірлей білейік.
Енді тек бар болғаны ұшқыр қиялымызға ерік беріп, бойдағы потенциялды тиісінше тиімді һәм ұтымды, орнымен әрі сәтті пайдалана отырып, үлкен жетістіктерге жету. Және биік жетістікке жеткен кездегі бақытыңызды бағалау арқылы одан сайын бақытты бола түсу.
⠀
?Ұмытпаңыз, биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жеткен сайын сіздің бақытты бағалай алу танымыңыз да биік болуы тиіс. Әйтпесе ұтыласыз.
⠀
?Бақыттың адамға қашан келетінін және қашан адамды тастап кететінін білгіңіз келсе, Қаблиса (Қабан) (1733 - 1824) жыраудың «Бақыт қайда барасың?» атты жыр шумақтарын оқуға кеңес береміз.
Бақытты болайық!
БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?
( 0 )
?Адамдар өзінің қаншалықты бақытты екенін бақытсыздыққа ұшырағанда ғана біледі. В. Пелевин ⠀ ?Шіркін, бақытты болу әр адамның арманы ғой! Кейбір адам бақытты алыстан іздейді немесе қандайда бір жетістікке жеткенде бақытты боламын деп ойлайды. Әсілі, біз дәл қазір де бақыттымыз және бақыт үнемі бізбен бірге, әрдайым қасымызда. Тек оны көре білу һәм бағалай алу қажет.