?Құдай тағала адам баласының бойына жамандыққа деген бейімділікті де, жақсылыққа деген бейімділікті де салып қойған. Сосын таңдау еркін берген. Кім қай қырын дамытса, сол қыры басым түседі. Былайша айтқанда гүлдің түбіне су құя ма әлде тікеннің түбін қопсыта ма, адамның өз еркі.
⠀
?Бірақ бір нәрсе анық. Адам не жасаса да жоғары деңгейде жасайды. Себебі онда ақыл бар, потенциал күшті. Ол жамандық жасаса да кәсіби деңгейде жасайды, жақсылықты да шыңына жеткізіп атқарады.
⠀
?Мәселен, адам жаңа заманның техникалық мүмкіндіктерін ізгілік жолында қолдану арқылы жақсылық жасау процесінің ауқымын бірнеше есе кеңейтіп жіберуі мүмкін. Дәл сол секілді қылмысқа үйір адамдар да ақылды сол жолда қолдану арқылы қылмысын түрлендіріп жібере алады. Ізін суытып, қылмысын жасырып жіберуге шебер боп алуы мүмкін.
⠀
?Бұл ақиқат Құранның мына аятында баяндалған:
فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا
«Оған (адамға) жамандыққа бейімділік пен жақсылыққа бейімділікті бергенге серт» (91/8)
⠀
?Бұдан біз Жаратушының әділдігін де көреміз. Адамды жақсылыққа да, жамандыққа да бірдей қабілетті етіп, соңғы шешімді адамның өз таңдауына берген. Сондықтан да жауапкершілік жүгі адамның өзінде.
КІМ БОЛАМ ДЕСЕҢ ДЕ ЕРІК ӨЗІҢДЕ
( 0 )
?Адам өмірлік жолын өзі таңдайды. Жақсы адамдарды жағалап, өзін жақсы жағынан шыңдайды не теріс пиғылды адамдарға қарай тартылып, соларға еліктеп өмір сүре бастайды. ⠀