close
blog images

БІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛДЫҚ?

( 0 )
⠀ ? Өміріміздің әрбір сәті, айналамыздағы әрбір туынды бізге Шебер Жаратушының барын меңзейді. Бір сөзбен айтқанда – әлем ғажайыптарға толы. Оны жүректің ғана көзімен шын сезінуге болады. Алған тынысымыз, жеген асымыз, бойымыздағы нәзік сезімдердің бәріне қарайтын болсақ, шексіз мейірім аясында жүргеніңді көресің.

? «Махаббат пен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті», – деп Абай атамыз қалай керемет айтқан.
Шынымен-ақ, айналасына хикмет көзімен, ғибрат алып қарай білген адам өмірінің шексіз махаббат пен әділдік аясында екенін көреді һәм сезінеді. Мұны шын сезіне білген адамның Раббысына ұнауға тырыспауы мүмкін емес. Ал Раббысына ұнау үшін амал қылған адам тау қопаратыны белгілі.

? Бұған үлгі ретінде ардақты сахабалардың өмірін айтар едім. Раббысына ұнауға тырысқан олардың әрбірі заңғар тұлғаға айналды. Адам табиғатына тән асыл құндылықтардың бірін қалдырмай қайта жаңғыртты. Сөйтті де, әлемді дүр сілкіндірді.

? Біз ше? Раббымызға ұнау үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін, адамзаттың игілігі үшін не істей аламыз, не істеп жатырмыз? Әркім өзіне осы сұрақты қойып көрсінші?