? Адам баласы – өте қабілетті, ғажап жаратылыс. Сондықтан адам бір ғана жетістігіне алданбауы қажет. Басқа да қабілеттерін мейлінше ашуға талпынуы керек. Алла Тағаланың көркем есімдерінің шағылысы адамның бойынан көрініс табады. ⠀ ? Ұлы Жаратушының барлық есімдері ең кәміл дәрежеде. Мысалы, керемет Жаратушы болғаны секілді, керемет ризық беруші де. Абсалютті деңгейде әділ, әрі өте кешірімді. Әрбір жаратқан жаратылысын қай жағынан алып қарасаңыз да таңғажайып кереметті байқайсыз! Мысалы алманы алып қараңызшы: пішіні де, түсі де, дәмі де керемет. Теңдесі жоқ жаратылыс. ⠀
✴️Мұсылман мұсылман бауырын жақсы көруі керек. Ал қандайда бір қателіктерін көргенде, оған тек жанашырлықпен қарауы керек. Өйткені мұсылмандар бір тәннің ағазалары секілді. Біріне зақым келсе немесе ауырса басқа ағзалардың мазасы қашады. Тура сол секілді бір мұсылман қателессе, өзгелері сол қателікті көркем түрде түзеуге әрекеттенуі тиіс. ⠀ ✴️Әрине мұндай қателіктерді күшке салып, қорқыту, зекіп ақыл айту арқылы емес, сүйіншілеу, үміт сыйлау формасында жасауға барынша тырысу керек. Әйтпесе түзеймін деп керісінше бүлдіріп алуы әбден мүмкін. Пайғамбарымыз мұсылманның мұсылманға үш күннен артық ренжіп жүруіне болмайтынын айтқан. Бұл хадистің астарында әлгіндей қателіктердің тез арада түзетілуі жатса керек.
?Соңғы ғасырларда неліктен мұсылмандар ішкі алауыздықтан арыла алмай келеді?! Өзінің діндес бауырын дұшпан секілді көретіндер бар. Олар мұны дұшпан таппағаннан емес, нағыз дұшпанның кім екенін білмегендіктен, шын дұшпанды танымағаннан жасайды. Жатса-тұрса соның қандай кемістігі бар, қайтсем қатесін табамын деп өзді-өзімен әлек болып, қаншама энергиясын, уақытын зая етеді. Бұған кеткен есіл уақытты ол игі істер жасауға қолдана алатын еді.
Адамды адам ететін – тәрбие мен білім. Егер қайсыбір адамда тәрбие мен білім болмаса, оның орнын тәрбиесіздік пен надандық басады. Өйткені адамның бойындағы ешбір жақсы қасиеттің орны бос қалмайды. Не ғалым, не залым
«Тауық сойса да, қасапшы сойсын» демекші, әр істі әсіресе елдің ертеңгі тағдыры үшін айрықша маңызды мәселелермен өзінің маманы айналысқаны абзал. Бұл әркімнің қолына түсетін болса, әркім өзінің білгенінше әрекет етіп, оны солай ғана жасалатын өзгелерге дәлелдеумен әлек болады.