?Жер шары – адамзатқа жайылған дастарқандай, үзілмейтін саналуан жемістер мен дәмді тағамдар мекені. Ауасы, суы, жайқалған жасыл жайлаулары бұл қонақжайдың баршаға ортақ керемет тартуларының бір парасы.
⠀
?Бұлардан бөлек әр адамға берілген өзіне ғана тән жақсылық, өзіне ғана тән қуаныш пен кеңшілік түрлері бар.
Бұлардың бәрін көре білген адам үшін мына өмірдің қызығы таусылмайды. Өмірге деген құштарлығы артып, одан тек жақсылықтар күтеді. Егер қолымызда немесе бойымызда бар мүмкіндіктер мен жақсылықтарды қағазға түсіріп көрсек, олардың қаншалықты көп екенін аңғарамыз. Ал күндегісін күнде түртіп отырсақ, мұндай күнделік бастау арқылы бізге беріліп жатқан үздіксіз нығметтердің молдығына көзіміз жете түседі.
⠀
?Бұл сансыз нығмет пен толассыз жақсылықтарға шүкір етпеу қаншалықты ақылға қонымсыз десеңші?! Жайбарақат мамыражай тіршіліктің ішінде кішігірім қиындақтар болып тұрмаса, адам баласы судағы балықтай жақсылықтың қадірін түсінбеуі мүмкін. Түн болмаса, күндіздің қадірін түсіне алмаймыз. Күн шықпаса, тыныштығымен бізді баурап алатын түннің қадіріне жете алмаймыз. Қара болмаса, ақты ажырата алмас едік.
⠀
?Сондықтан ара-тұра кеңшілікпен қатар сәл таршылықтың болуында осындай хикмет жатса керек. Уақытша қиыншылық пен өткінші таршылыққа сабыр ете отырып, осыған дейінгі молшылық пен кеңшілікке шүкір ету керек. Бұдан кейін келетін нығметтердің әрбірін жақсылық жолында қалай тиімді жұмсауға болатынын жоспарлайтын сәт.
⠀
?Жаңа белестерді бағындыру қиындық туғызатыны сияқты, кейде қиыншылық адамның төзімін шыңдаумен қатар, қайратты әрі батыл бола түсуіне себеп болады. Сондықтан шүкір сынды, сабырдың да адам өмірінде алар орны ерекше.
ШҮКІР МЕН САБЫР – ЖЕТІСТІК КІЛТІ
( 0 )
?Шүкір мен сабырдың шынайы мағынасын түсінген адам үшін бұл дүниенің өзі кең пейіш. Өйткені адам баласына берілген жақсылықтар саны шексіз. Мына жарық дүниеге келуі, көз, құлақ арқылы осы әлемнің әсемдіктерін танып білуі, түрлі қабілет пен ой-сананың берілуі – әрқайсысы өз алдына үлкен сый.