Тура сол секілді көз бен құлақтың да зекеті берілу керек. Ішіп жейтін асымыздың дәмін сезетін және сөйлейтін тілдің де зекеті берілуі тиіс.
⠀
?Зекеті берілмеген мал-мүлік қалай ысырап болып, бос жерге жұмсалатын болса, ағза мүшелеріміздің де зекеті берілмеген кезде олар да бос нәрселерге қоданыла бастайды.
⠀
?Бұл жерде біз тек тілдің зекетіне қатысты бір мысал бере кетейік: Адамның ішіндегі рух осы тіл арқылы әлемдегі барлық нығметтің дәмін алады. Егер Алла разылығы үшін бұл әлемдегі дәмдердің дәмін сезіп, бұл дәмдерді барлық нығметтерге Жаратушының қойғанын біліп, ол барлық дәмді сезе білетін ерекшелікті де Жаратушының бергенін біліп, сол тілі арқылы шүкірлігін жасауы керек.
⠀
?Күні бойы болмаса да, Құран оқып тілдің де құлшылығын орындауы керек. Тіл өзімдікі деп кез келген сөзді сөйлей беру адамға опа бермейді. Сол себепті сүйікті пайғамбарымыз «Құран оқитын ауыздарыңды таза ұстаңдар!» деп тілдің негізгі міндетін көрсеткен.
ЗЕКЕТТІҢ БӘРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒЫ
( 0 )
?Әдетте зекет дегенде ойымызға бірден мал-мүліктен берілетін екі жарым пайыздық мөлшер келіп жатады. Бірақ адам баласына берілген нығмет тек мал-дәулет емес қой. Одан да қадірлі нығметтер толып жатыр. ⠀ ?Адам баласына берілген нығметтердің ең басында ақыл тұрады. Демек ақылдың зекетін беруіміз керек. Әрине бұл өзгелерге ақиқатты жеткізу мен көрсету арқылы жүзеге асады.