close
blog images

ТЕК АДАМҒА БЕРІЛГЕН НЫҒМЕТ

( 0 )
?Жаратылыстардың ішіндегі ең құдіреттісі, потенциалы жоғарысы – адам баласы. Бірақ адам осы айрықша қабілетін тиісінше қолданбайтыны өкінішті. ⠀ ?Адамның екі қыры бар: материалдық және рухани жағы немесе сезімдері. Материалдық жағына қарағанда рухани жағы күштірек боп келеді. Бірін өлшейтін өлшеммен екіншісін өлшей алмайсыз. Адамның ақылы жетпейтін ауыр жүкті оның сезімдері көтереді.

?Бірақ бұл адамның өз рухын қаншалықты шыңдағанына байланысты күшейеді немесе әлсірейді. Рухы әлсіз адамдардың сезімдері де әлсіз келеді. Сол себепті кішігірім қиыншылықта көптеген адамдардың сағы сынып жатады.

?Ғалымдар дүниеде ең жылдам нәрсе жарық екенін айтады. Бірақ бұдан да жылдамы адамның сезімдері. Өйткені бұл ерекшелік адамның рухынан келеді.

?Кейбір Ислам ғалымдары Пайғамбарымыздың Миғраж сапарындағы жылдамдықты осы қиял жылдамдығымен тең деген. Тек бұл мүмкіндіктерді адамдар дамыта алмағандықтан қолдана алмайды.
Адам баласының кейбір сезімдерін қолдануына шамадан тыс жұмыс істеп тұрған басқа сезімдері кедергі болады. Көзіне сенген адамдардың көптеген сезімдері тиісінше дамымай қалып жатады. Мысалы көзі көрмейтін адамдар ақшаны қағаздың қалың немесе жұқалығына қарай ажыратады. Мұны қажетсінбейтін адамдардың бұл сезімі дамымай қалады.

?Имам Әбу Юсуфтың үнемі уағызға шығып жүрген мінберінің астына жұқа мата төселген кезде, үнемі отырып жүрген жерінің сәл болсын көтерілгенін сезіп қойып «Төбе төмен түсті ме, әлде еден жоғары көтерілді ме?» деген екен.

?Бүгінгі күнге дейін адам баласының түрлі салада жаңалық ашуының астарында да оның осы ерекшелігі жатыр. Өйткені адам баласынан басқа ешбір жаратылыс адам секілді осындай ерекшеліктерін дамытқан жоқ. Бұл тек адамға баласына ғана берілген нығмет.