Бірде құстардың тілін үйреніп, түсіне алатын дәрежеге жеткен кезде құстарға «тегіс сарайыма жиналыңдар» деп жарлық қылыпты. Құс атаулы Сүлейменнің құзырына жиналыпты. Қараса құстың бәрі келген, тек байғыз жоқ. Мұның себебін сұрау үшін Сүлеймен байғызды іздеп тауыпты. Қараса байғыз бір тастың қуысында қонақтап отыр екен. Сүлеймен:
– Менің бұйрығыма неге құлақ аспадың?
– Сенің құзырыңа барған құстың барлығы ол жерге құлқынның қамы үшін жиналды. Менде ондай мүдде жоқ.
⠀
?Әрине байғызда да кеңірдек бар. Бірақ оның су, бидай секілді негізгі қоректерге мұқтаждығы болмағандықтан, тұзаққа түсе қоймаған. Мұнда «құлқынның қамы» деп қомағайлық пен тамақсаулықты айтып отыр.
Көп жаратылыстар осы құлқынның кесірінен тұзаққа түседі. Көкте қалықтап ұшқан қыран бүркіт те қолға осылай түседі. Бірге тату жүрген итті бірімен-бірін таластырып қоятын да – осы құлқын.
⠀
?Мұндай жағдай адам баласын да айналып өтпейді. Пенде ашкөздігі себепті көп қателікке бой ұрады. Адам өзінің құлқынын ғана ойлағанда өзгелердің ақысына кіре бастайды. Өзім тоқ болсам болды деп ойлайды. Бұл дерт асқынғанда өзгелердің де өзі секілді кеңірдегі бар екенін, мұқтаждығы бар екенін сезінуден қалады. Мұның түбі адамды парақорлыққа итермелейді.
⠀
?Бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы – мына хадиске құлақ асу, оған амал ету:
«Аллаға тиісінше тәуекел еткендеріңде, таңертең ұясынан ашқұрсақ шығып, кешке тоқ қайтатын құс секілді ризыққа қауышар едіңдер» (Термизи).
⠀
?Әрине бұл бір күндік табысты ғана ойлаңдар деген сөз емес. Болашағымды қамдаймын деп адам ақысын жеп, арам асқа қол созып құлқынның тұзағына түсіп қалма дегені. Талмай еңбек етіп, Жаратушыға тәуекел етсең, ризықта таршылық көрмейсің.
ҚҰЛҚЫННЫҢ ТҰЗАҒЫ
( 5 )
?Әзіреті Сүлеймен пайғамбардың жан-жануарлар мен аң-құстың тілін білетін ерекшелігі болды. Әрбір хайуанның тілін меңгергеннен кейін олардың басын қосып, олар жайлы мәліметтерді өздерінен сұрап тұрады екен.