close
blog images

Көз жасы

( 0 )
?Адам баласының ерекшеліктерін санап тауысу мүмкін емес. Бірақ кейбір дәуірлерде басымдыққа ие болатын ерекшеліктері болады. Мысалы, бұрынғы соғыс кезеңдерінде күш-қуаттың басым болғаны секілді. Адам баласы өмір сүрген уақытында жасаған амалдарына қарай ақыретке өздерінің амалдарының куәгерлерін бірге ала кетеді.

Соғыста шейіт болғандардың қандарын өздерінің куәгерлері ретінде Жаратушыға ұсынуы секілді. Ал ғалымдар қаламдарының сияларын куәгер етеді.

?Осылардың барлығына тең келетін, әуелі олардан да жоғары тұратын бір қасиет бар. Ол – көздің жасы. Адам баласы мейлі бейбіт заманда, мейлі тар заманда өмір сүрсін, бұл қасиет бойларында керек. Өйткені адам баласының көз жасы ертең тозақ отын сөндіретіндей қасиетке ие болуы мүмкін.

?Әзіреті Адам пайғамбардың кешірілуі оның көз жасының жемісі емес пе?
Құдықтың түбінде жалғыз қалған әзіреті Жүсіп пайғамбардың құтылуы да оның көз жасының қасиеті емес пе?
Әзіреті Жақып пайғамбардың көзінің соқыр болуына әсер еткен көз жасы, соңында баласымен қауыштырмады ма?
Әзіреті Пайғмабарымыздың миражға көтерілуіне де, оның әзіреті Хадиша анамыз бен Әбу Тәліптің қолдауына айрылып қалған кездегі жалғыздықтың көз жасы себеп болды емес пе?!

?Олай болса, адамның көңілінің ең түкпірінде жатқан осы қасиетті қайтадан оятуымыз қажет. Жаратушының алдына көз жасынан мақрұм болып барудан сақта деп сиынуымыз керек. Әзіреті Пайғамбарымыздың да Жаратушыға мінажат еткенде сұраған нәрселерінің бірі осы болса керек.