✳️Мәселен, маңызды бір жұмысты нәтижелі атқарғысы келген адам физикалық әрі интелектуалдық күшінің бәрін сол іске бағыттап, бар назарын соған аударуы қажет. Міне, адамның осылай тырмысуы, істің нәтижесі қалай болар екен деген уайымы стреске жатады.
⠀
✳️Әлемдік додада топ жарып чемпион болғысы келген спортшы, емтиханнан жақсы баға алу үшін күн-түн демей кітаптан бас алмай ізденген студент немесе оқушы осындай хәлде болады. Мұны позитив күй немесе жағымды стресс деуге болатын шығар. Сол секілді ойынханада түні бойы ұйықтамастан таң атырған адам, өзгелерге тұзақ құрып, қастандық жасауды жоспарлаған қылмыскерлер және сол секілді адамдардың жағдайын негатив күй немесе жағымсыз стресс десе болады.
⠀
✳️Жоғарыда айтылған физикалық стрестен бөлек метафизикалық немесе рухани дерттер де болады. Әрбір мұсылманда адамдарға Құдайды қайтсем танытам, қайтсем пайғамбарымызға деген махаббатты арттырам деген секілді дерт болуы ләзім. Бұған қоса, нәпсісін қызықтаған қызыл-жасыл дүниеге құмарлығын жеңдірмей, назарын одан бұрып әкету, шайтанның азғыруына ілеспей, ақылға жеңдіру де өзінше бір стрес. Міне, осындай жағдайларда туындаған стрестің пайдалы екені шүбәсіз.
⠀
✳️Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні стрестің жағымды да, жағымсыз да қыры болады. Енді жағымсыз стреске келейік. Бұған жиырмасыншы ғасырдағы құндылықтардың ауысуынан, әлемді материямен өлшеудің нәтижесінде туған көптеген проблемалар стрестің болымсыз түрі. Мұны депрессия немесе рухани азғындық деп атауға да болады. Бұл қазіргі таңда адамзат қоғамына қауіп төндіріп жатқан стрестің негізгі түрі.
✳️Осы жағымсыз стрес адамның жанын жегі құрттай жейді. Түңілу, жабығу секілді сезімдерді береді. Барлық жолдарды жабық етіп көрсетеді, үмітсіздікке бастайды. Стрестің себебінен депрессияға түскен адамның болашаққа деген үміті кеміп, азғындыққа бет алады. Өзін алдайды, сол бостықты бір сәт ұмыту үшін теріс әдеттерге бой алдырады.