close
blog images

ТАЗАЛЫҚ

( 0 )
?Тазалық мәселесі – Құранның түсу реттілігі бойынша екінші боп түскен сүренің төртінші аятында айтылған. Уахидың түсу тарихының бастапқы кезеңінде айтылуы тазлалықтың қаншалықты маңызды екенін аңғартады.

? Жалпы тазалықты бірнеше қырынан қарастыруға болады; тән тазалығы, ішіп-жейтін ас-судың тазалығы және қоршаған ортаның тазалығы. Құран кәрімде осы үш түрлі тазалыққа ишарат жасайтын аяттар бар:

?1. Тән тазалығы:
Алла тағала белгілі бір жағдайларда мұсылмандарға дәрет және бой дәрет алуды бұйырған. Мәселен: «Уа, мүміндер! Намазға тұрар алдында беттеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін жуыңдар (6/6), дейді.
Пайғамбарымыздың да тазалыққа қатысты көптеген хадистері бар. «Тазалық – иманның жартысы», «Ас ішудің алдында және соңында қолды жуу – береке шақырады» т.б.

?2. Ас-судың тазалығы:
«Уа, мүміндер! Өздеріңе ризық етіп бергеніміздің адал, таза һәм денсаулыққа пайдалы болғанын жеңдер» (2/172).

?3. Мұсылман адам жеп-ішетін асы мен киімінің таза болғаны секілді, айналасын да таза ұстауы тиіс. өзі тұратын көше, үйінің ауласы, қала тазалығына, оқу орындары мен фирмалар, дүкендер мен мешіттердің мән беруі керек. Алла тағала былай дейді: «Ибраһим мен Исмайылға: «Тауап етушілер, иғтикафқа кіргендер, тынбай рукуғ және сәжде жасап намаз оқитындар үшін Үйімді таза ұстаңдар», – деп бұйырдық» (2/125)
Қарап отырсаңыз барлық нәрсе тазалықтан басталады.