close
blog images

МҰСЫЛМАННЫҢ ҰРАНЫ

( 0 )
? Мұсылманның ұраны – адамзаттың бақытты өмір сүруі үшін өмірін пида ету. Шынайы бақытты, жүрек тыныштығын екі дүниеде де шаттыққа толы өмірді имансыз елестету қиын. Демек мұсылманның алғашқы миссиясы – иманға қызмет жасау.

?Әр нығметтің шүкірі сол нығметтің түрінен болады деген қағиданы ескерсек, иманның шүкірі – оны өзгелерге түсіндіру арқылы атқарылса керек. Мұсылман адамның негізгі міндеті – қайтсем адамзатқа Алланы танытамын, пайғамбарға деген сүйіспеншілікті жүректеріне ұялатамын деп қамкөңілдік жасап, соның жолын іздеу.

? Дәл осылай дерттеніп, өзгелердің бақыты үшін ғұмыр кешу адамның өзіне де өте пайдалы. Жақсылық жасау адам жанын жадыратып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Жақсы, позитив энергия береді.

? Адамға Алла тағала үлкен аманат артқан. Бұл аманат – жер бетінде ізгілікті жаю, адамдардың санасына ізгіліктің дәнін егу. Өзгені бақытты ету арқылы өзі де бақытқа қол жеткізу.

? Алла баршамызды мұсылман болып өмір сүріп, иман атты нығметтің шүкірін жасауымызды нәсіп етсін.