?Әйгілі тарихшы Ибн Халдунның айтуынша Бағдат қаласының негізі осылай қаланған екен. Бұл мысалдан біз мынадай сабақ аламыз. Адам саналы түрде маңызды іспен шұғылдануға өзін итермелемесе, оның қолын болмашы күйбең тірлік байлап, ол одан бас көтере алмай қалады.
⠀
?Әр нәрсенің басын бір шалып, барлық нәрсені аз-аздан меңгеріп, шала маман болғаннан, белгілі бір істің ұңғыл-шұңғылын меңгеріп, сапалы маман боп қалыптасқаны жақсы.
⠀
?Білім алумен айналысып жүрген студенттік шақта адамның алдынан әрқандай кедергі мен қиындықтар кездесіп жатады. Осы кезде маңызды шешім қабылдау қажет.
⠀
?Ілім іздеп, сапарға шыққан Мұса аләйһиссаламның серігі Юшағ Ибн Нун сапарда таңғажайып оқиғаға куә болады. Шайтан оларды жолдан тайдыру мақсатында бұл оқиғаны ұмыттырып, назарын басқа нәрсеге аударуға тырысады.
⠀
?Істің маңыздысына басымдық беріп, бар назарын соған бағыттаған адам үшін жетістіктің аулы алыс емес.
МАҢЫЗДЫ ІСКЕ БАСЫМДЫҚ БЕР!
( 5 )
?Шөлде өмір сүретін бәдәуи сахарада жалғыз тұрса киім жуу, тамақ әзірлеу, егін егу секілді тұрмыстық шаруаларды жалғыз өзі істеуге мәжбүр болады. Ал дәл сол адам қалада немесе белгілі бір елді-мекенде болса, аталмыш іс-әрекеттермен өзгелер айналысып, бұл солардың сервисіне жүгінер еді. Соның нәтижесінде өзі нақты бір іспен шұғылданып, сол істің маманы боп қалыптасуға мүмкіндігі алар еді