close
blog images

АТА-АНАМЕН БАЙЛАНЫС

( 4.33 )
✴️Әдетте адам мектепті тәмамдаған соң балапанның ұясынан ұшқаны секілді өз үйінен жыраққа аттанады. Өмір сүру ұзақтығын орта есеппен 75 жыл десек, бала мектеп бітірер жасқа дейін ата-анасымен бірге болатын уақытының 93,9 %-ын жұмсап қояды екен. (17x365 = 6205 күн)

✴️Жоғарғы оқу орнын бітіріп бірі жұмысқа араласып, бірі отбасы құрады, кейбірі оқуын әрмен қарай жалғастырады. Жылына бір апта ата анасының жанында болды деп есептесек қалған 58 жылда ата анасымен 406 күн ғана болады екен. Яғни, 17 жасынан кейін ата анамен бірге болу уақыты небәрі 6,1 пайыз ғана.

✴️Осы картинаға қарап мынадай қорытынды жасауға болады: ата-ана қамқорлық, махаббат, мейірім, тәрбие деген дүниелерді баласы 17 жасқа толғанға дейін молынан беріп қоюы тиіс екен. Осы жасқа дейін тиісінше берілмеген тәрбие мен сіңірілмеген құндылықты одан кейін беру өте қиын. Тіпті мүмкін емес те шығар.

✴️Өз кезегінде бала да ата-анасына мейірім мен қамқорлық танытып, әрбір уақыттың қадірін ерекше бағалауы тиіс. Өмір тым қысқа.

✴️Қасиетті Құранда былай делінген: «Раббың Өзіне ғана құлшылық етулеріңді және әке-шешеге жақсылық жасаударыңды бұйырды. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де қартайса, оларға «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, оларға зекіме, сыпайы сөйле. (17/23)

✴️Ол екеуіне кішірейіп мейрім құшағыңды жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымнан мәпелеп тәрбиелегеніндей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей көр!», –деп дұға ет (17/24)

✴️Раббыларың көкейлеріңдегін жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, Алла, бойсұнушыларды жарылқайды. (17/25)