close
blog images

ЖАҚСЫ АДАМДЫ ДОС ТҰТ!

( 5 )
?Аквариумда ұсталған акула небәрі 2 метрге дейін ғана өседі екен. Ал мұхитта тіршілік кешсе 4,5 метрге дейін өсетін көрінеді. Демек балықтың өсіп-дамуы оның өмір сүретін мекенімен, қоршаған ортасымен тығыз байланысты.

?Адамның миында «мына ақпарат маған ұнамайды» деп оны өшіріп тастайтын «тетік» жоқ. Демек адамның қабылдаған кез келген ақпараты оған еріксіз ой салып, оның дүниетанымына әсерін тигізбей қоймайды.

?Жақсы, позитив ойлар адамның жандүниесін нұрландырып, жақсы істерге жетелейді. Ал жаман, негатив ойлар адам жанын құлазытып, құлықсыздыққа итермелейді. Адамға ақпараттың басым бөлігін достары, қоршаған ортасы береді.

?Сондықтан болса керек қазақта «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Жаман достан жақсы дұшпан артық», «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген қанатты сөздер кең қолданыста.

?Құранның мына аятында бұл жайлы былай делінеді: «Қап, әттеген-ай, өзіме де обал жоқ. Пәленшені дос тұтпай-ақ қойсамшы. Маған жеткен тағылым-насихатқа толы Кітаптан мені алыстатып, адастырған сол», – деп аһ ұрып, бармағын шайнайды. Шүбәсіз шайтан адамды қысылтаяң күн туғанда тастап кете барады» делінген. (25/28, 29)

?Баршамыздың жақсылыққа жетелейтін достарымыз мол болғай!