– Егер 15 минут уақытыңызды бөліп балтаның жүзін қайрап алсаңыз, мына ағашты 45 минутта жайратып саласыз ғой.
– Менің балтаны қайрап отыруға уақытым жоқ, – деп жауап береді орманшы.
⠀
?Әдетте жылдар бойы бірқалыпты, бірсыдырғы өмір сүру адамды ештемеге талпынбайтын, алға ұмтылмайтын етіп, еңсесін басып тастайды. Нәтижеде даму да, өсу де болмайды.
⠀
?Адам бір сәт күйбең тіршіліктен бас алып, ой тоқтатып, дамудың келесі сатысына өтуге талпынса, өмірі біршама жеңілдер еді. Ал сәт сайын өзін жетілдіріп, білімін арттырмаса өмірі қиындап, кең әлем оған тар көріне бастайды.
⠀
? Хадисте мұсылманның бір күні бір күніне ұқсамау керектігі айтылады. Бұл бізді бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму үстінде болуға шақырады.
БІР ОРЫНДА ТҰРЫП ҚАЛМА...
( 3.25 )
?Бірде бір орманшы жүзі қайтқан балтамен ағаш шауып жатады. Бір кезде жанынан ары-бері өтіп жатқан адамдардың бірі оның қиналып жатқанын байқап, оған былай дейді: ⠀ – Сіз әдетте осындай ағашты неше уақытта құлатасыз? – Үш сағат.