close
blog images

АДАМНЫҢ ӨЗІН ЕМЕС ІСІН ЖЕК КӨР!

( 0 )
?Бір отбасында Айдана есімді қыз дүниеге келеді. Оның балалық шағы сондай күшті, қызықты кезеңдер мен ата-анасының, жақындарының махаббатына толы болып өтеді. Бірақ мұндай жағдай ол он жасқа толғанға дейін ғана жалғасады. Не өзгеруі мүмкін деп ойлаған боларсыздар?

?Иә, ол осы кезден бастап әкесінің жаман әдеттерін байқай бастайды. Әкесі ішімдік ішеді, кейбір күндері тіпті үйге түнемейтін де болады. Анасының бір бұрышқа барып жылағанын естиді. Кейде әкесі есікті жауып алып, бөлмеде анасына қол жұмсайтын да сияқты.

?Сол уақыттан бастап жүрегіндегі әкесіне деген ыстық сезім бірте-бірте өше бастайды. Ол махаббаты өшпенділікке, ашу-ызаға ауысады. Әкесін көргісі де келмейді.

?Содан айлар, жылдар өтеді. Қыз бой жетеді, тұрмыс құрады. Бірақ сол әкесіне деген өкпе-реніші басыла қоймайды. Шыдамы таусылып психолог маманға жүгінеді. Бар сырын ақтарып, ішкі дүниесіндегі арпалысын ақтарады. Жан дүниесін жегідей жеген дертінен арылғысы келеді.

?Оны тыңдап болған психолог апай Айданаға былай депті: «Қандай адам болмасын, ол қандай опасыздық жасамасын, ол адамның өзін емес, оның жасаған ісін жек көр. Оның жасаған жаман істері болса, оны өзің қайталамауға тырыс. Оны жасаған адамның кеудесінен итермей, қайта оған қамқорлық танытып, оны тек Алла разылығы үшін жақсы көр. Тек қана сенің оған деген кіршіксіз таза махаббатың мен Алла разылығы үшін қамқорлығың оған пайдасын тигізе алады», – дейді.

?Психологпен болған осы сұхбаттан соң Айдананың ойы түбегейлі өзгеріп, әкесіне басқаша қарай бастайды. Оның өмірі бұдан кейін мүлдем басқаша өрбіген екен.