▪️Қарызға бату – қоғамда жиі болатын нәрсе. Адам қарызға батам деп батпайды, бір қиыншылыққа душар болуы мүмкін. Сондай жағдайда қоғам болып, ел болып зекет жинап беретін болса – қарызға батқандарға көмегін тигізген болады.
⠀
▪️Мынадай хадис бар. Ертеде бір кісінің мәуелі бау-бақшасы болыпты. Ол жеміс-жидегі піспей тұрып, алдын-ала көпшілікке сатып, ақшасын ерте алады екен. Бірде барлық тұтынушылардан ақшасын жинап алғаннан кейін, қатты дауыл болып, әне-міне піседі деген жемістері желге ұшып, бар өнімінен айырылады. Ерте алған ақшасын жұмсап қойған, қайтаратын пұлы жоқ, жұртқа қарыз болып қалады. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм көпшілікке зекет-садақа беріңдер деген нұсқау айтады.
⠀
▪️Алайда ел болып садақа жиса да, жиналған ақша қарызды қайтаруға жетпейді. Сонда пайғамбарымыз қарыз берушілерді шақырып, жиналған ақшаны өзара бөлісіп алыңдар, осымен қарызды жабайық дейді. Сөйтіп барлығы пайғамбардың байламына тоқтайды. Ешкім ешкімге қарыз болмайды. Қазір де осындай жағдайлар болса, қоғам болып қарызға батқан адамдарға көмек берген әрі ортақ мәмілеге келулеріне себепші болған жақсы.
⠀
▪️Қарызды алған кезде адамның ниеті де маңызды. Шынында амалдар ниетке байланысты дейді. Кімде-кім қарызды алған кезде сол қарызды қайтарамын деген ниетпен алса, Алла Тағала қарыздан құтылуына барлық жолды ашады. Ал ол менен сұрай қоймас, ұмытып кетер дегендей қайтармау ниетімен алса, Алла Тағала оның қарызды қайтаруына барлық жолды жауып тастайды.
ҚАРЫЗҒА БАТҚАНДАР
( 1 )
▪️Қарызға батқандарға шариғатта зекет беруге болады. Зекетті әдетте ауқатты адамдар пақырлар мен міскіндерге деп береді. Алла жолында ілім алып жатқандарға, жолда қалғандарға және қарызға батқандарға да зекет беріледі.