?Мысалы, он саусағынан өнер тамған бір адам өзге адамдардың да қолынан дәл сондай өнердің келетінін немесе одан да жоғары дәрежеде қабілеті болуы мүмкін екендігін мойындайды. Ал қолынан ешнәрсе келмейтін адам басқа адамдарға да сол дәрежеде қарайтын болады. Немесе оның сондай ерекшелікті басқа әлемде үйреніп дүниеге келгеніне өзін сендіреді.
⠀
?Бірақ біз бүгінгі күнде бала тәрбиесінде балаға адамзат тарихындағы жетістікке жеткен тұлғалардың дәрежесімен қарай білсек, ұрпақтардан да осындай ерекше адамдардың шығатынына сеніміміз жоғалмас еді. Өйткені бұлай жоғары дәрежеге жеткен тек адам баласы. Бұдан кейін де тек адам баласынан шығатыны анық. Бізге туралықты, адамға жарасымды түрде өмір сүруді тек адам баласы көрсете алады. Бұған табиғат пен жан-жануардың, тіпті технологияның да шамасы жетпейді. Сол үшін адамға өзіміздің ой-санамыздағы өзіміз қол жеткізе алмаған армандарымыздан да жоғары дәрежеде қарай білуіміз қажет.
⠀
?Бірде әлі балиғат жасына тола қоймаған Шәмси Тәбризи Жартушыға деген махаббат дариясынан шыға алмай, 30-40 күрге дейін дұрыс тамақтана алмай қалатын күндерінің бірінде әкесі оған:
– Балам! Былай жалғаса берсе не болады? Басыңа жамандық тілеп алуың мүмкін ғой, – депті. Сонда Шәмси Тәбризи:
– Әкетай, екеуміздің арамыздағы түсініспеушілік неге ұқсайды білесіз бе?
– Ал, неге құсайды екен?
–Бірде бір кісі тауықтың астына қаздың жұмыртқасын қосып қойыпты. Кейін жұмыртқадан шыққан балапандарын соңына ертіп кетіп бара жатқан тауық, бір өзеннің жағасына келген кезде қаздың жұмыртқасынан шыққан балапан суға жүзіп кетіпті. Мұны көрген тауық
– Балапаным тұншығатын болды, – деп безек қағыпты. Бірақ қаздың балапаны еш қаймықпастан еркін жүзіп қайтыпты, – деген екен.
?Осындай тар түсініктегі адамдардың қармағында қалып қойып жатқан адамдар жоқ емес. Әсіресе дәреже мен абырой материалдық игілікпен өлшенетін қоғамда тіпті аянышты. Мұндай жағдайда дүниеге келген адам ұрпақтары көктемде ерте гүлдеген ағаштар сияқты гүлдері материалдық сананың құрбаны болып жатыр...