?Мысалы, ораза ұстаған адам судың дәмін ауыз ашқан сәтте сезеді. Өйткені пәлен сағат нәр татпай, қаншама уақыттан кейін су ішкен кезде судың дәмін сезіп қана қоймай, оның кеңірдегінен қалайша төмен жылжып бара жатқанына дейін сезінеді. Тура сол сияқты адам дүние тіршілігінен бір сәт алыстап, жүрегін ғана тыңдаса, сол күні алғаш рет ойына келген жаңа ойды сезінбеуі мүмкін емес.
⠀
?Сондықтан әрбір адам алғаш сауат ашқан мектебін, ұстазын ұмытпағаны секілді, алғашқы намазы мен оразасын да ұмытпайды. Сол үшін «истиғфар» сынды зікірді күнделікті күйбең тірлік пен орынды-орынсыз көп ойлардың арасында жасаған адамдар оның руханиятына қалай әсер ететінін сезінбей жатады.
⠀
?Мұндай қасиетті зікірлер мен құлшылық саналатын іс-әрекеттерді белгілі бір дайындықпен жасау арқылы ғана сезіне аламыз. Мүмкін әзіреті Зәкәрия мен әзіреті Мәриям анамыздың үнсіздік оразасының астарында осындай хикметтер жатқан шығар?! Сол себепті таңертең тұрған кезде алғашқы сөзіміз зікір мен пікірге қатысты болғаны жақсы.
⠀
?Осылайша біз күнделікті өмірімізде санамызға келетін құнды ойлар мен пікірлердің қажетсіз ойлардың көлеңкесінде қалып кетпеуін қадағалай аламыз. Зікір мен пікір әсіресе былапыт сөздердің көлеңкесінде қалмауы тиіс. Күнделікті құлшылықтарды да бос, керексіз істердің астында қалдырмай, оған айрықша маңыз бергеніміз дұрыс.
ҚҰНДЫ ОЙЛАР
( 0 )
?Адам баласы судың не екенін білмейтін балық секілді төбесінен жауып тұрған көп нығметтің қадірін түсіне бермейді. Күнделікті беріліп жатқан нығметтердің қадірін білмегені өз алдына, тіпті санасына келіп-кетіп жатқан жақсы ойлардың да қадірін түсінбей әрі оны дер кезінде пайдалана алмай жатады.