?Бүгінгі таңда біз сол мәдениеттердің кейінгі ұрпаққа қалдырған мирасының әсерін, ізін көріп отырмыз. Атап айтар болсақ философия, өнер, архитектура және басқа да көптеген құнды дүниелер бар.
⠀
?Сондай мәдениеттердің айрықшасы – ислам. Бұл өркениеттің ерекшелігі сол негізгі ұстындары өзгеріссіз қалғандықтан болар, қияметке дейін құндылық өндіріп, жарық шаша беретін потенциалы бар.
⠀
?Ислам өркениетінің адамзатқа берген ең айтулы сыйы фиқһ және фиқһ негіздері (усуль фиқһ) деуге болады. Былайша айтқанда ислам – ол фиқһ мәдениеті. Осы мәдениетті шамамыз жеткенше өмірімізге енгізу – алдымызда тұрған асыл міндеттердің бірі.
⠀
?Адам туғаннан жер қойнына кіргенге дейін фиқһтан тыс өмір сүре алмайды. Себебі фиқһ өміріміздің әр саласын қамтыған. Мұнда адамға қатысты барлық дүние қарастырылады. Өміріміздің әр сәтін фиқһ ілімі аясында өткізу, яғни оны практикалық деңгейде білу – нағыз мұсылманшылық саналады. Алла тағала өз мәдениетімізге сай ғұмыр кешуді біздерге нәсіп етсін!
ИСЛАМ – ФИҚҺ МӘДЕНИЕТІ
( 0 )
?Адамзат тарихында түрлі мәдениет бой көтеріп, шарықтау кезеңіне жетіп, белгілі бір кезеңнен кейін құлдыраған. Бұған тарих беттері куә. Олардың көбі құлдырағаннан кейін қайта қалыпқа келе алмаған.