?Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған мезетте біріне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады. Әуелгіде қызына ләм-мим демейді. Қызы да әкесінің бұл әрекетінің мәнін түсініңкіремей, артын бағады. Бірақ біршама уақыттан соң шыдамсызданып, әкесін мазалай бастайды. Сонда да әкесі үндемейді.
⠀
?Жиырма минуттан кейін әкесі отты өшіреді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек-бөлек ыдыстарға құйып, қызына:
– Не көріп тұрсың?
– Картоп, жұмыртқа, кофе дәнегі.
– Жақынырақ келіп, ұстап көр, – деді әкесі. Қыз әкесінің сөзін екі етпей, алдымен картопты қолына алып көрді де, «жұмсақ екен» деді.
– Ал жұмыртқа ше, ол қалай болыпты?
– Жұмыртқа қатайыпты, – деді жұмыртқаны ұстап көрген қызы. Содан кейін әкесі:
– Енді мына кофеден ұрттап көргін, – деп кофені ұсынды. Кофенің дәмін көрген қыз, оның өте дәмді екенін айтты.
⠀
?Содан кейін әкесі сөз алып:
– Картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де қайнаған судың ішінде бірдей қайнап, бірдей қиыншылық көрді. Бірақ соған қарамастан қиыншылық қыспағынан соң әрқайсысы әртүрлі күйге түсті. Картоп бастапқыда қатты, мықты болса да, қайнаған судың ішіне түскен кезде былбырап, күш-қуатын жоғалтты.
⠀
?Жұмыртқа болса басында өте нәзік, сезімтал еді, қайнаған суға түсіп қатая түсті. Бірақ кофе дәнегі мүлдем басқа сипат алды. Қайнаған судың ішіне түскенде өзі де өзгерді, суды да өзгертті. Сөйтіп толығымен жап-жаңа дүниеге айналды.
⠀
?Сен қайсысына ұқсайсың? Басқа қиыншылық түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап әлсіздік танытасың ба, әлде, жұмыртқаға секілді жүрегің қатая бастай ма? Әлде, от үстінде қайнап, дәмі тіл үйіретін сусынға айналған кофе дәнегіндей боласың ба? Таңдау өзіңде.
ҚИЫНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙСЫҢ?
( 5 )
?Ерте, ерте, ертеде... өзіне еш нәрсе жақпайтын, өмірінің әр сәтіне шағымдана беретін жылауық қыз болыпты. Оның айтуынша өмір деген қиын, айналасының бәрі жаман. Өмірде бір мәселенің күрмеуі шешілсе, келесі бір қиыншылық дайын тұрады деп ойлайды ол. Бұл қыздың әкесі аспаз еді. Бірде әкесі қызын ас үйге шақырып алып, оған мынадай мысал беріп, әлденені ұқтырмақ болады.