✳️Кейбір адамдар қарыз мәселесіне селқос қарап жатады. Бірақ шариғаттан оның есебінің ауыр екенін аңғарамыз. Мәселен, ел қорғау үшін жанын беріп, қаза болғандарды шейіт дейміз. Олар жәннатқа есепсіз кіреді, бірақ тек бір нәрседен сұралады. Ол – оның қарызы. Қарыз – пенделер арасында өзара шешілуі керек нәрсе, Алла Тағала бұл нәрсеге араласпаймын дейді.
⠀
✳️Ең қызығы қиямет-қайымда қарыз қайтарудың есебі сауаппен, күнәмен жүргізіледі. Ол жақта дүниенің құны жоқ. Қарыз берген адам борышкерінің үстінен «қарызымды бермеді» деп шағым жасауы мүмкін. Сонда Алла Тағала оның сауаптарынан ал дейді. Қарыздың құны борышкердің сауабы арқылы өтеледі. Алайда қарыз мөлшері тым көп болып, жинаған сауабы жетпесе, Алла Тағала қарыз берушінің күнәларын арқала дейді. Яғни, қарыз алған адам қарыз берушінің күнәсын өзіне қосып алады. Осылай екеуінің арасындағы есеп жабылады.
⠀
✳️Қарап тұрсаңыз, бір қарызы үшін адам сауабынан айырылып, тіпті өзгенің күнәсын арқалауы ықтимал. Бұл осындай ауыр нәрсе болғандықтан, Құран кәрімде Алла Тағала қарызды қағазға жазып, хатқа түсіруді бұйырған.
Қарыз мәселесі
( 5 )
✳️Қарыз – адам өмірінде мүлде өзектілігін жоймайтын тақырыптың бірі. Себебі, адам кейде қарыз алуға мұқтаж болады, ал кейде өзге адамдарға қол ұшын созу мақсатында қарыз береді. Ал кей кездері тіпті адамдар арасындағы қарыз алу, қарыз беру процестеріне куә болатын сәттері де кездеседі.