close
blog images

Кешіру – мықтының ісі

( 5 )
✳️«Таспен ұрғанды аспен ұр». (мақал) Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләм бірде былай деді:

✳️«Жақсылық жасағандарға жақсылық жасауларың, жамандық істегендерге қарсы жамандық істеулерің жетістік емес. Нағыз жетістік – жамандық жасағандарға жақсылық жасай білу» (Тирмизи, Бирр 63).

✳️Кешірімділікті басты ұстанымы еткен пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм өзіне тас атып, елдерінен қуып шыққан Таиф қаласының тұрғындарына қарғыс тілемей, керісінше олар үшін тура жол тілеп, дұға жасаған.

✳️Байқап қарасақ, жамандық жасаған адамға жамандықпен жауап беру көп адамның қолынан келуі мүмкін, ал жамандыққа жақсылықпен жауап қайтару көп жағдайда нәпсіге ауыр келетін іс. Демек, хадисте айтылғандай, адам сондай жағдайда өз нәпсісін жеңіп, кешірімділікті ұстанса, әлбетте үлкен жеңімке жетері анық. Өйткені, жақсылық жасалған адам досыңызға айналады, алыста болса – жақындайды, жақында болса, сүйіспеншілігі арта түседі.

Пікірлер (1)

  • comment images
    1 мамыр, 2022 01:20:40

    П