close
blog images

Жаратылыста кездейсоқтық жоқ

( 3.93 )
Жалпы жаратылыста кездейсоқ деген нәрсе жоқ. Ғарыш кеңістігінде шамамен 300 миллиардтай галактика бар. Бұлардың әрқайсында 300 миллиардтай жұлдыз тағы бар. Олар бір-біріне соқтығыспай нәзік өлшеммен жүйелі түрде белгілі бір бағытта қозғалады. Жер осындай ұшы-қииыры жоқ кеңістіктегі саны жоқ ғарыштық денелердің бірі ғана. Әрқайсы миллиондаған тоннаны құрайтын бұл денелердің жылдамдығына ақыл жеткізу мүмкін емес.

Мысалы, жер шары сағатына 1670 шақырым жылдамдықпен өзін-өзі және сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен күнді айналады. Әр галактиканың және оның құрамындағы жұлдыздардың арақашықтығы да айтарлықтай ұзақ. Міне, осындай ұлы жүйе миллиардтаған  жылдар бойы еш ақаусыз жұмыс істеп тұр.

Енді осындай күрделі ғаламның ішінен біз тек жер мен күннің байланысын қарастырайық. Егер күн мен жердің арасы сәл қашықтау болғанда, жер беті түгел мұзға айналар еді. Немесе керісінше, қазіргіден сәл ғана жақындау болса, жер беті өртеніп, ондағы барлық тіршілік атаулы күлге айналар еді. Демек, әрбір адам баласы осыншама шексіз ғаламға, оның әрбірінің асқан шеберлікпен жаратылғандығына қарап, ой жүгірту арқылы әлемнің кездейсоқ жаратылмағандын, оның ұлы да шебер Жаратушының ісі екендігін мойындайтыны анық.