close
blog images

Қонақ күту қасиетті іс.

( 1 )
⚫ Аларды біліп, бермегеннен без. Ел жұрты соңына ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без. Көптің айтқанына көнбегеннен без. (Төле би) ⠀ ⚫ Қазақ халқы ежелден қонақжай халық. Үйіне келген қонаққа жылы-жұмсақтың бәрін ұсынып, асты-үстіне түседі. Тіпті келген қонақты лауазымына, дәрежесіне қарай күткен. Мысалы, Абылай ханды үйінде қонақ етіп күткен Саңқай төре 115 тай сойған. ⠀

⚫ Жалпы қазақта қонақтың үш түрі болғандығын тарих кітаптарынан аңғарамыз:

1️⃣ Арнайы қонақ. Ол шақырылған қонақ болуы мүмкін немесе үй иесіне арнайы сәлем бере келген қонақ;

2️⃣ Құдайы қонақ. Танымайтын жеріне жолай соғып, ат шалдырып, демалуға келген қонақ;

3️⃣ Қыдырма қонақ. Үй иесінің тамағын аңдып келген қонақ. Яғни, көршісінің немесе танысының үйінде мал сойылып, қазан асылып жатса, сол асты жеуге шақырусыз келген қонақ.

⚫ Бірде Ибраһим пайғамбардан бір кісі былай деп сұрапты:

– Осы сіздің Алланың халилы (досы) болуыңызға қай амалыңыз себеп болды? – деп сұрапты. Сонда Ибраһим пайғамбар:
– Оған екі себеп бар, бірі –дүниелік және ақыреттік амалдар (құлшылық) қатар келсе, алдымен ақыреттік амалымды орындап алып, содан кейін барып дүниелік іске кірісетінмін. Екіншісі – таңғы және кешкі асты міндетті түрде қонақ шақырып, қонақпен ас ішетінмін.

⚫ Міне сондықтан да қонақ күту – қасиетті іс саналады. Пайғамбарымыздың дағуаты адамдарды қонақ етумен басталған. Сол себепті мейлінше көп қонақ күтейік. Үйлеріңізден қонақ үзілмесін, құрметті оқырман.