«Сендердің ешбіреуің өзіне тілегенді өзге бауырына тілемейінше кәміл иманға жете алмайды» (Бұхари, Иман, 13).
⠀
Яғни, әрбір мұсылман өзіне жақсы көрген нәрсесін мейлі дүниелік нәрсе болсын (көп мал-мүлік, бала-шаға, мансап т.б.), мейлі ақыреттік нәрсе болсын (көркем мінез, тақуалық, сауапты істер, жәннат т.б.) өзге мұсылман бауырына тілегені абзал. Егер адам тек өзін ғана ойлап, өз нәпсісінің жетегіне еретін болса, оның соңы адамды көреалмаушылық сияқты күнәлі істерге апарып соғуы мүмкін.
⠀
Ия, қызғаншақтық мұсылман адамға жат мінез. Тарихқа көз жүгіртсек көптеген халықтар сол қызғаныш, көреалмаушылықтың себебінен хандыққа, билікке таласып, соның салдарынан бытырап, құрдымға кеткендері көп. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады.
⠀
Қорыта айтарымыз адам кәміл иманға қол жеткізу үшін Жаратушы Иеміздің берген нығметтеріне шүкір етіп, ешкімге қызғаныш көзімен қарамай, керісінше оларға да сол нығметтің берілуін тілеуі қажет.
Кең жүректі бол
( 4.1 )
Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләм өзінің бір хадисінде былай дейді: