Əрқайсының шама-шарқынша əзірлеген сыйлықтары бар. Сұлтанның құзырында əбестік жасау жараспас деп, киімдерін, ішкі-сыртқы келбеттерін жөнге келтіруде. Оның айбатынан именгендіктен болса керек, сарайда айтар сөздеріне дейін алдын-ала дайындап жатыр. Алып сарайдың кеңдігі мен тыныштығында сөз жоқ. Іші толған қазына. Бар əсемдік осы жерге жиналғандай. Тіпті адамның жаны жай табатын жалғыз жер осы ма дерсіз.
⠀
Меймандар өздеріне берілетін қонақ кəдеден дəмелі. Кəде демекші, қолы ашық сұлтанның кеңдігінен бе екен, қонақтардың тəніне бір кəде, жаны мен рухтарына бөлек сый тарту етілмек. Əр сыйдың берілетін уақыты мен тəртібі əр түрлі.
⠀
Қонақтар бір жағы рухани сергу үшін, бір жағы жүрек төрінен орын алған сұлтан сарайында əдепсіздікке жол бермеу үшін ақыл мен рухтың жаңғыруына кедергі жасап, бөгет болатын істерден сақтанып бағады.
Жүректің салтанат құруына тосқауыл болған арсыз құмарлықты тізгіндеп әлек. Барынша жан əлемін байытып, рухани азықтануда. Ерік-жігерлерін шыңдап, қайсарланып қайраттануда.
Рухтарға қанат біткендей асқақтап жатыр.
⠀
Қыран құстай биікке самғаған сайын асыл мұраттарына жақындай түседі. Жаннаттың пырақ атына мінгендей алысқа шабады.
⠀
Бұл саяхат тек сарайға кіріп, сұлтанның пəрменімен ізгілер бақшасына жол тартқандар үшін ғана. Бұдан артық сый, бұдан артық ілтипат бола қоймас, сірə!?
жалғасы бар...
Біз - Рамазанның қонағымыз
( 3.67 )
Рамазан айының басталуына 2-3 аптадай ғана уақыт қалды. Айлардың сұлтаны – Рамазан айының босағасындамыз. Оның табалдырығын аттағалы тұрмыз. Мұсылмандар бейне бір сұлтанның сарайына кірердей дайындалуда. Жомарт сұлтанның жомарттығынан (кеңпейілдігінен) үміт етіп, зəулім сарайға асығуда. Сұлтанға деген құрметтерінен болса керек, ешқайсы құр қол кіргісі жоқ.