close
blog images

Ораза Алланың құзырына шығарады

( 2.6 )
✴️Ораза жайлы сөз айтқан да, жазған ? да адам көп екені рас. Өйткені Алла Тағаланың хикметін айтып тауысу мүмкін емес... ⠀ ✴️Оразаның тағы бір қырын сөз етейік. Ораза – Пайғамбарымызды саллаллаһу аләйһи уә сәлләм миғражда Алланың құзырына шығарған құлшылық. Ол қалай? Ол былай болды. Жәбрейіл аләйһиссалам Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмды ертіп көкке көтерілгенде өзі «Сидратул Мунтәһа» деген жерге дейін барып, ары қарай барса жанып жоқ болатынын ? айтып, Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмнің өзін ғана жібереді.


✴️Осы жерде Пайғамбарымыз қандай ісімен Жәбрейіл періштеден асып, оның шыға алмаған шыңын бағындырды?! Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм – барлық пайғамбарлардың сұлтаны болса, Жәбрейіл аләйһиссалам – періштелердің сұлтаны! ?

✴️Періште – тек қана Алла Тағаланың бұйрықтарын бұлжытпай орындайтын, нәпсісі жоқ, қарсы келушіліктен ада нұрдан ✨ жаратылған жаратылыс. Олар күн-түн демей Аллаға ғибадат жасайды, ? Оның міндеттеген істерін мүлтіксіз орындайды. Олардың да біздің намазымыз сияқты ғибадаттары болады. Сонымен періштелердің барлығының дәрежесі биік және тұрақты. Ал Жәбрейіл періште – ең ұлы періште. Алла Тағала оған ерекше тапсырмаларды жүктеген, тіпті Пайғамбарымызға саллаллаһу аләйһи уә сәлләмға келіп намазды ? үйреткен де сол еді.

✴️Тек... Тек періштелерде нәпсі қалауы, ас-суға ? деген ешқандай мұқтаждық пен құмарлық сезімі болмағандықтан, оларда адамдардағыдай ораза деген құлшылық жоқ. Ал адам баласы нәпсі қалауын жеңіп, ??‍♀️ құмарлығын тежеп, тамаққа деген мұқтаждығын тастап, аштық пен шөлге ? шыдап, Раббысы үшін ораза ұстайды. Осымен нәпсісін барынша тыйған бола алады.

✴️Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм да адам болғандықтан, осылайша ораза ұстау арқылы дәрежесі періштенің дәрежесінен асып түсіп, періштелердің ең ұлысы бармаған жерге жетіп, тікелей Алланың құзырына шыққан болатын. Міне, бұл осы оразанның ерекшелігі арқылы бағындырылған биіктік болды... ?

✴️Алла Тағала баршамызды өзіне мұйынсұнушы, сүйікті құлдарының қатарынан етсін! ?

Рамазан мүбәрак болсын! Оразаларымыз қабыл болсын!