⠀
✴️Ораза жайлы сөз айтқан да, жазған ? да адам көп екені рас. Өйткені Алла Тағаланың хикметін айтып тауысу мүмкін емес...
⠀
✴️Ораза - құлдың Раббысына нағыз мойынсұнушылығының ? көрінісі. Себебі біз белгіленген уақытта ? тамақ жеуді тоқтатып, белгіленген уақытта ғана қайта тамаққа қол соза аламыз. Алдымызда адал ас ? болып, оны өзіміздің маңдай терімізбен тапқан болсақ та, ақшам намазының уақытынан 1-2 минут бұрын оны ауызымызға апара алмаймыз. Былайша қарағанда бізді ол тамақты жеуден кім ұстап тұр? Біреу қолымызды байлап қойған жоқ! Алдымызда еш кедергі жоқ! Бірақ біз Аллаға деген мойынсұнушылықтан, Оның әрдайым көріп тұрғанын білгеннен, Оның разылығы үшін ауыз бекіткеннен кейін ол тамаққа рұқсат етілген уақыт келмей тұрып еш қол созбаймыз. Шынымен де нағыз мойынсұнушылықтың өзі емес пе?! ?
Оразаны не үшін ұстаймыз?
( 4 )
✴️Алла Тағала Рамазан айын қасиетті Құранды ? түсіріп бастауымен қадірлі еткен. Кейін дәл осы айда ораза ұстауды парыз етті. ⠀ ✴️Біз неге ораза ұстаймыз?.. Денсаулыққа пайдалы ?, арықтауға көмектеседі, Райан жаннатына ? кіруге мүмкіндік, достарым ұстайды, ата-анам ұстайды... емес! Ең басты, жалғыз ниетіміз - Алла ☝️ парыз еткені үшін ұстауымыз қажет! Бұл ең кәміл ниет болмақ!