close
blog images

Рамазан – ерекше ай

( 3.33 )
Рамазан айының алғашқы ондығы да тамамдалып қалды. Ораза айы ? болуымен ерекшеленген, барлығы білетін Рамазан... Шынымен де бір нұр ✨ шашқан ай! Ерекше ай... Бірақ... Бірақ жай көзбен ? қарағанда ерекшелігін көру мүмкін бе?! Рамазан айы екен деп ай ? өзгеше тумайды, күн ? басқаша шыға қоймайды...

Оның ерекшелігі рухани тұсында, әрине. Оны біз де рухымызбен сезе білуіміз керек олай болса. ?

Рамазанда жаннат ? есіктері ашылып, тозақ ? есіктері жабылып, шайтан ? кісенделеді деген хадис бар. Соны ғалымдар түсіндіргенде тура мағынасында түсінбеу керек деп ескертеді. Себебі бұл - жаннат есіктері қалған 1️⃣1️⃣ айда жабық болып, тек тозақ есіктері ашық тұрады деген сөз емес. Және шайтанға да келер болсақ, бір күнәһар адам Рамазанда ішімдік ? ішіп алып, мас болып былай деген екен: "Рамазанда шайтан кісенделеді, адамдарды азғыра алмайды деп айтатыны өтірік, қараңдар мен арақ ішіп, күнә жасап жүрмін ғой, мені шайтан азғырмағанда, басқа не?!" ? Сонда оған бір ғалымның берген жауабы: "Адамдар итті ? бұғаулап байлап қойған кезде қазықтың дәл түбіне байламай, шынжырын ⛓ біраз жерге дейін жететіндей етіп ұзақтау қылады. Ит алыста жүрген адамдарды қаппайды, тек сол шынжыры жететін шеңбер аумағына жақындап келгендерге ғана тиісе алмақ. Дәл сол сияқты адам да шайтанның жете алатын шеңберінен аулақ жүрсе, оның азғыруынан сақтана алады. Ал сен өзің оның жанына барып жүрсең, Рамазанды неге кінәлайсың?!" ☝️ Дәл осылай біз де айды ерекше етіп, шайтаннан ұзақ, Аллаға жақын ? болып өткізуге өзіміз тырысуымыз қажет-ақ...